«Нашақорлық қоғамның індеті» ақпарат сағаты
09.07.2026

«Нашақорлық қоғамның індеті» ақпарат сағаты

25.06.26.

Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасында 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған «Нашақорлық қоғамның індеті» тақырыбында ақпарат сағаты өтті.

Іс-шараға Атырау облысы полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Ідірісов Айбол Қайратұлы мен Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің психологиялық қызметінің психологі Сариева Мөлдір Бауыржанқызы қатысты. Мамандар нашақорлықтың зардабы, жазасы, психологиялық тұрғыда тәуелді адамның жай-күйі мен емделу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Аталған шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары мен облыстық балалар кітапханасы және қалалық кітапхана кітапханашылары қатысып, қоғам дертіне айналған есірткі туралы, оның қалай алдын-алу керектігі туралы пікірталас өрбітті.

https://www.instagram.com/p/DaAbWRAq3mt/

Scroll to Top