Өмірбекова Алмагүл. Алма бағы

Жыл 2025
Баспа Тоғанай Т.
Аннотация

Өмірбекова Алмагүл. Алма бағы: естелік-эссе. — Алматы: Тоғанай Т, 2025. — 120 бет.

«Алма бағы» — жазушы Алмагүл Өмірбекованың жүрек түкпіріндегі ең қымбат естеліктерін, ата мен әженің мейірім шуағына бөленген балалық шағын, әке туралы сағынышын, соғыс жылдарының ащы тағдырларын шынайы жеткізген өмірлік хикаялар жинағы. Автор оқырманды бірде тау етегіндегі қоңыр ауылға, бірде майдан даласына, бірде бала көнілдің мөлдір естеліктеріне жетелеп, өткен мен бүгінді, жеке тағдыр мен ел тарихын өрнектей біледі.
Бұл туынды тек отбасы шежіресі ғана емес, сонымен қатар ХХ ғасырдың киын да тағдырлы кезеңдерінде өмір сүрген қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, бірлігін, сағынышын, төзімін суреттейтін ұрпақтар сабақтастығы мен тағылымды естелік.
«Алма бағы» жадынын мәңгілігін дәріптейтін, жүрекке жылы шуақ сыйлайтын кітап.
Кітап калың окырманға арналған.

Scroll to Top