«БІЗ БІЛІМГЕ ҚҰШТАРМЫЗ»
Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы бөлімде зағип жандар үшін Брайль әліппесімен оқытатын үйірме қызмет көрсетеді.
Үйірме мақсаты көрмейтін және көру қабілеті нашар көретін үлкендер мен балалар және олардың ата-аналарына дамыту, өмірге, кәсіби бейімделу мәселелері бойынша кеңес беру зағип жандарды қалыпты өмірге бейімдеу, мектепке қосымша дайындау және бертін келе зағиптыққа ұшыраған азаматтарды Брайль әліппесімен оқу-жазуға үйрету, нүктелі-бедерлі кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
Үйірмеге қатысушылар саны 10. Оның ішінде балалар саны – 3.
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы бөлім «Біз білімге құштармыз» атты жоба бойынша жұмыс жасайды.
Жоба мақсаты зағип жандарды Брайль әліппесімен оқу-жазуға үйрету, Брайль жүйесі бойынша оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Жоба аясында өткен іс-шаралар