«МОБИЛЬДІ КІТАПХАНА»
Мобильді кітапхана жобасының мақсаты – кітапхана мен театр арасындағы байланысты нығайту арқылы көрерменді спектакльге дейін оқырманды автормен және оның шығармасымен тереңірек таныстыру.
Бұл бастама кітап пен сахна өнерін ұштастырып, көрерменге қойылымды терең сезінуге және автор шығармашылығын жан-жақты қабылдауға жағдай жасайды.
Жоба аясында кітапханашылар Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасын, Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» шығармасын және Шыңғыс Айтматовтың «Жәмила» шығармасын насихаттады.
Жоба аясында өткен іс-шаралар