«Жырлайды жүрек» поэзия кеші
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Кітапханадағы кешкі кездесу» жобасы аясында «Жырлайды жүрек» поэзия кеші өтті.
Кеште сахналық қойылым қойылып, ақынның жырлары оқылып, оның сөзіне жазылған әндері шырқалды, Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы викториналық сұрақтар қойылды.
Сондай-ақ кітапхана қорынан жасақталған кітап көрмесі таныстырылды.