«Заң мен тәртіп – мемлекеттің мызғымас тұғыры» кітап көрмесі
15.06.2026

«Заң мен тәртіп – мемлекеттің мызғымас тұғыры» кітап көрмесі

Ғабдол Сланов атындағы облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасында «Заң мен тәртіп – мемлекеттің мызғымас тұғыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын-алу, заңға деген құрметті қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Көрмеге Халел Досмұхамедов атындағы университеттің филология факультетінің 2курс студенттері қатысып, заң мен тәртіп тақырыбындағы әдебиеттермен және танымдық материалдармен танысты. Сонымен қатар, студенттер құқықтық тәрбие мен қоғамдағы заңның рөлі туралы өз ойларын ортаға салды.

https://www.instagram.com/p/DZZmAxGO3GU/

Scroll to Top