«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» кітап көрмесі
22.06.2026
Ғабдол Сланов атындағы облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және адалдық пен әділдік қағидаларын насихаттау.
Шараға Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті филология мамандығының 2 курс студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны, оның алдын алу жолдары және әр азаматтың жауапкершілігі туралы пікірлер айтылды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, тақырып аясында белсенді талқылау жүргізді.