«Қарлығашы Қиғаштың» шығармашылық кеші
09.07.2026

«Қарлығашы Қиғаштың» шығармашылық кеші

Ғ. Сланов атындағы облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасында поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар, көрнекті ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Фиология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің құрметті профессоры Ниетқалиева Гүлзада Рахметқызының шығармашылығына арналған «Қарлығашы Қиғаштың» атты шығармашылық кеш өтті.

Аталған іс-шараға ақындар, зиялы қауым өкілдері, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ұстаздары мен студенттері, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатынасты. Іс-шарада ақынның шығармашылығы туралы сөз қозғалып, оның қаламынан туған әндер шырқалып, жырлары оқылды.

https://www.instagram.com/p/DZuwPchCCWU/

Scroll to Top