«Қазақ прозасының хас шебері» ойталқы
19.11.2026

«Қазақ прозасының хас шебері» ойталқы

19.11.26

 

Кітапханада «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафон аясында жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайын Мұратбековтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақ прозасының хас шебері» атты ойталқы өтті.

Іс-шараға Қасым Қайсенов атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Мурзатаева Гауһар мен 8 сынып оқушылары, №40 Зейнолла Қабдолов атындағы жалпы білім беретін мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «қазақ тілі және әдебиет» пәні мұғалімі Аягөз Нұрболатқызы мен 8 сынып оқушылары және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Шара барысында жазушы өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріліп, кітап көрмесі таныстырылды. Қаламгердің «Жусан иісі» туындысының тақырыбы мен идеясы ашылып, кейіпкерлер жүйесіне талдау жасалды. Оқушылар шығармаға байланысты қызықты тапсырмалар орындап, сұрақтарға жауап берді.

https://www.instagram.com/p/Df7CX1-OrXK/

Scroll to Top