«Ерікті болу – жүректің ісі» ерікті жастармен кездесу
04.11.26
Бүгін Ғ.Сланов атындағы облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханада 4 қараша – Халықаралық еріктілер жылына орай жастарды ізгілікке баулу, кітап оқу арқылы рухани құдылықтарды дәріптеу және жаңа еріктілік бастамаларға жол ашу мақсатында «Ерікті болу – жүректің ісі» атты ерікті жастармен кездесу өтті.
Іс-шара барысында еріктілер өздері атқарған жұмыстарымен, тәжірибелерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. Түрлі ситуациялық сұрақтарға белсенділікпен жауап беріп, шара соңында кітапхана атынан Алғыс хаттармен марапатталды.