«Әділет жолы – адал жол» дөңгелек үстел
24.11.2026

«Әділет жолы – адал жол» дөңгелек үстел

24.11.26

Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасы мен «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Әділет жолы – адал жол» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері: Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Мұханбеталиев Даурен Максимұлы; Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Ідірісов Айбол Қайратұлы; Есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі кеңесінің мүшесі, «Жаңғыру» оңалту орталығының директоры Ізбасаров Асқар Амандықұлы мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бас маманы Бисенғали Ержан Қонысбайұлы, «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің студенттері қатысты.

Кездесу барысында бүгінгі қоғамда өзекті мәселелердің біріне айналған интернет-алаяқтық, киберқылмыс, нашақорлық және есірткі заттарының заңсыз айналымы тақырыптары кеңінен қозғалды. Мамандар аталған құқық бұзушылықтардың зардаптары, олардың алдын алу жолдары, заң алдындағы жауапкершілік пен жеке қауіпсіздікті сақтау мәселелері жөнінде маңызды ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ жастарға күмәнді ұсыныстарға сенбеу, жеке деректерді қорғау, заңсыз әрекеттерден аулақ болу қажеттігін түсіндірді.

Сонымен қатар студенттерге түрлі құқықтық жағдайлар ұсынылып, олардың дұрыс шешімін табу жолдары талқыланды. Қатысушылар өз ой-пікірлері мен сұрақтарын ортаға салды. Еркін форматта өткен пікір алмасу жастардың құқықтық мәселелерге деген қызығушылығын арттырып, маңызды тақырыптарды жан-жақты түсінуге мүмкіндік берді. Қатыс саны – 70.

https://www.instagram.com/p/DgHto2XOELK/

Scroll to Top