«Астана- ұлтымыздың рухани ордасы»
03.07.2026
Ғабдол Сланов атындағы облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасында «Астана- ұлтымыздың рухани ордасы» атты көрме-викторинасы өтті.
Шараға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ұстазы Салихова Айымгүл және филология мамандығының 2курс студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Іс-шара барысында кітапхана қорындағы Астана қаласы туралы энциклопедия мен әртүрлі кітаптардан жинақталған кітап көрмесімен таныстырылды. Астана қаласы туралы ақпараттар, сәулетті ғимараттар, атақты тұлғалар туралы бейнеролик көрсетілдіп, шара соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салды.
https://www.instagram.com/reel/DaUwpXcuY3U/?igsh=eTdoeXB2d2w3MXZ0