«Балалық әлемі – шаттық пен қуаныш»
15.06.2026

«Балалық әлемі – шаттық пен қуаныш»

Бүгін кітапханада 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Балалық әлемі – шаттық пен қуаныш» атты оқырмандар арасында отбасылық сайыс өтті.

Сайыстың бес кезеңіне оқырман отбасылар белсене қатысып, әр отбасы өз өнерлерін көрсетіп, спорттық ойындарға қатысып, логикалық сұрақтарға жауап берді. Отбасылық сайысқа Қабдығалиевтар отбасы – «Көк жебе», Есболаевтар отбасы – «Бәйтерек», Мұхамбеталиевтер отбасы – «Қызыл жұлдыз», Искаковтар отбасы — «Нәзік қанат» атты атаумен өзара бақ сынасты.

Сайыстың қорытындысы бойынша:

Бас жүлде – Искаковтар отбасы

I орын – Мұхамбеталиевтер отбасы

II орын – Қабдығалиевтар отбасы

III орын – Есболаевтар отбасы

Кітапхана атынан арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар ұсынылды.

https://www.instagram.com/p/DZDTlgguAJy/

Scroll to Top