«Еңбек – елдің тұғыры, халықтың ырысы» кездесу
24.09.2026
Ғ.Сланов атындағы облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханада Еңбек күніне орай «Еңбек – елдің тұғыры, халықтың ырысы» атты кездесу кеші болып өтті.
Еңбек адамын дәріптеу, адал еңбектің қоғамдағы маңызын насихаттау, жас ұрпақты еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, елге қызмет етуге тәрбиелеу, еңбек адамдарының өнегесін жастарға үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған шараға «Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Белсенді ұзақ өмір сүру және зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің белсенді ардагерлері мен студенттер және кітапхана оқырмандары қатынасты.
Іс-шара аясында Еңбек ардагерлерімен сұхбат жүргізіліп, оқырмандарға кітап көрмесі насихатталды.