«Нұреден Мұфтах – фельетон сардары» еске алу кеші
30.09.2026
Бүгін кітапханада қазақ журналистикасының өзіндік қолтаңбасы бар қаламгері, республикалық деңгейде танылған фельетоншы, публицист Нұриден Мұфтахтың туғанына 90 жыл толуына орай «Нұреден Мұфтах – фельетон сардары» атты еске алу кеші өтті.
Кеш барысында Нұреден Мұфтахтың өмірі, журналистика саласына қосқан үлесі, фельетондары туралы ақпараттар берілді. Қаламгер фельетондарының тақырыптық ерекшеліктері туралы кітапхана қызметкері Ағжан Арафиқызы және фельетондарының жазылу стилі туралы Ақбота Бисенбайқызы баяндады. Замандасы Төлеген Сақтағанұлы қаламгердің өмір жолы мен жастық шақтарында өткен қызықты шақтарын әңгімеледі. Аружан Ерімова кешті әдемі әнімен әрледі. Сонымен қатар Дәулетқали Латифұлы, Ләззат Қабдырқызы, Гүлнар Сатуқызы өз ойларын ортаға салды. Шара қорытындысы қаламгердің шығармашылығына байланысты сұрақтармен аяқталды. Кеш соңында қатысушы қонақтарға алғыс хат беріліп, кітаптар сыйға тартылды.