Көшенов Ғарифолла. Күзгі әуен

Жыл 2025
Аннотация

Көшенов Ғарифолла. Күзгі әуен. — Алматы: 2025. — 320 бет.
Осы жинақтың алғашқы бөлімдеріндегі жыр жолдарына назар аударған оқырманыма алдын ала айтайын дегенім мұндағы туындылар, негізінен, бозбала шақтың қойын дәптерлерінен алынған, яғни қағаз бетіне түскеніне әрісі — елу, берісі отыз шақты жыл болған дүниелер. Сондықтан да оларға қазақ жырының бүгінгі көтерілген биігінен қарағанда, кей шумақтардың «бір қайнауы ішінде» болуы мүмкін. Оны өзім де сеземін. Тіпті бірсыпырасын бас салып «сүргілеп», ажарлағым да келді. Бірақ өйтпедім. Сол алыс жылдардың жыр жолына өрілген жүрек лүпілі оған назар аударған оқырманға сол күйінде жеткенін дұрыс көрдім.
Ал жинаққа енген эсселер мен естеліктерге келетін болсақ, олар тағдыр менің пешенеме жазған өмір жолының қалтарыс-бұрылыстарын бейнелеумен бірге, дүниеден озып кеткен бірқатар дос-жолдастарымның жүрегімде сақталған жарқын бейнесі секілді. Оларды да бір уақытта қажеттілікке қарай қағаз бетіне түскен күйінде қалдырмай, келешекте біреу болмаса біреудің назарына шалынар деген ниетпен топтап, жинаққа енгізуді жөн көрдім.

Scroll to Top