«Өлке тарихының шежірешісі» дауыстап оқу
08.09.26
8 қыркүйек күні тарихшы, профессор Табылдиев Хисмет Бозанұлының туғанына 90 жыл толуына орай «Өлке тарихының шежірешісі» атты дауыстап оқу жүргізілді.
Іс-шарада Х.Табылдиевтың өмірбаяны мен еңбектері туралы дерек дауысталып оқылды. Хисмет Табылдиев өзінің туған жерін дәріптеп, оның тарихы мен қойнауында жатқан құндылықтарын зерттеп, оның дамып, өркендеуіне зор үлес қосқан.