«Рәміздер күні – ұлт рухын ұлықтаған күн» көрме-викторинасы
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ғабдол Сланов атындағы облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасында «Рәміздер күні – ұлт рухын ұлықтаған күн» атты көрме-викторинасы өтті.
Іс-шараға №27 Исатай Тайманов атындағы орта мектептің мектеп ұстаздары мен оқушылары, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің филология мамандығының 2курс студенттері қатысты.
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің айғағы. Рәміздерімізді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы!
Іс-шараға қатысушылар мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы туралы мағлұмат алып, тақырыптық кітап көрмесімен танысты. Сонымен қатар рәміздерге арналған деректі фильм көрсетіліп, викториналық сұрақтар ұйымдастырылды. Белсенділік танытқан оқушыларға кітаптар сыйға берілді.