«Саз өнерінің саңлағы» ақпарат сағаты
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында композитор Мәкәлім Қойшыбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Саз өнерінің саңлағы» атты ақпарат сағаты өтті. Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары және Ұлттық ұлан 5546 әскери бөлімінің сарбаздары қатысып сазгердің өмір жолы, шығармашылық еңбектері және қазақ музыка өнеріне қосқан үлесімен танысты. М.Қойшыбаевтың танымал шығармалары туралы айтылып, өнер туындыларының тәрбиелік маңызы туралы ақпарат берілді.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Посмотреть эту публикацию в Instagram