«Ұлт үшін туған қаламгер» әдеби сағат
17.09.2026

«Ұлт үшін туған қаламгер» әдеби сағат

17.09.26

Бүгін кітапханада Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі жазушы және драматург Ғабдол Слановтың туғанына 115 жыл толуына орай «Ұлт үшін туған қаламгер» атты әдеби сағат өтті.

Іс-шара барысында Ғабдол Слановқа арналған музей бөлмесі таныстырылып, оқырмандар жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы ақпарат алды. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры Аяпова Гүлзира Борамбайқызы арнайы баяндама жасап, жазушы Ғ.Слановтың еңбегін жан-жақты талдады. Сондай-ақ арнайы кітап көрмесі таныстырылды.

Іс-шараға Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

https://www.instagram.com/p/DdYcojWuUwI/

Scroll to Top