«KITAП TIME – 2026» V жалпы республикалық кітап фестивалі
11.09.2026

«KITAП TIME – 2026» V жалпы республикалық кітап фестивалі

11.09.26

Атырауда «KITAП TIME – 2026» V жалпы республикалық кітап фестивалі өтті.

Фестиваль бағдарламасы аясында Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы бөлімде нүктелі-бедерлі қаріппен теріліп, басылған Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» тарихи романы мен Қазақстанның халық жазушысы, ақын Хамит Ерғалиевтың «Шығармалар жинағының» тұсаукесері өтті.

«Сіздер үшін ең жаңасы» – жаңа кітаптар көрмесі, «Дүниені танытқан алты нүкте» – арнаулы кітаптар көрмесі, викториналық сұрақтар мен интеллектуалды ойындар өткізілді.

«Авторды тап», «Кітап атауын білесің бе?», «Шатасқан әріптер» т.б ұйымдастырылған ойындардың жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталды. Фестиваль алаңында арнайы фото-зоналар қойылып, қатысушылар естелік суретке түсті. Кейін жаңадан оқуға қабылданған студенттерге кітапханаға экскурсия ұйымдастырылды.

Жалпы Атырау облысындағы көпшілік кітапханаларда ашық есік, OPEN AIR, поэзия кештері, кітап көрмелері, кітап талқылар, зияткерлік сайыстар, интеллектуалды ойындар, куиз және т.б 115 мәдени іс-шаралар өтті.

Шараға облыс бойынша 2 395 оқырмандар қатысты.

https://www.instagram.com/p/DdI_n0MOMbL/

Scroll to Top