«Отбасы өмір айнасы» жас отбасыларымен кездесу
11.09.26
11 қыркүйек күні Ғ.Сланов атындағы облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапхана Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы бөлімде отбасы күніне орай «Отбасы өмір айнасы» атты жас отбасыларымен кездесу өтті. Отбасы мүшелері кітапхана оқырмандары Тұрашев Жасұлан, Аманжанқызы Айбибі және балалары Жансерік, Алдияр есімді сәбилер қонақ болды. Олар зағип болса да ешкімнен кем қалмай саналы ұрпақ тәрбиелеуге, болашақ азаматтарды Отан сүйгіштікке баулуға өз үлестерін қосуда. Біз жас жанұямен сұхбат барысында олардың тұрмыс тіршілігіне, қарапайым өмір күресіне куә болдық. Шарада сұхбатпен бірге әуезді ән-шашулар гитара аспабымен шырқалды. Көпшілік оқырманымызға шара ұнағаны соншалық, қонақтарымызға арнайы сұрақтар әзірлеп, ыстық лебіздерін жолдады. Шара соңы үлкендердің бата тілегімен аяқталды.