«Заманауи кітапханашы: білім, білік, жаңашылдық» кітапханашылар арасындағы облыстық кәсіби сайыс
27.10.2026

«Заманауи кітапханашы: білім, білік, жаңашылдық» кітапханашылар арасындағы облыстық кәсіби сайыс

27.10.26

Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасында «Заманауи кітапханашы: білім, білік, жаңашылдық» атты кітапханашылар арасындағы облыстық кәсіби сайыс өтті.

Іс-шара Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған бастамалары аясында жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Сайыстың негізгі мақсаты – кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, озық тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік жасау және заманауи кітапханашының қоғамдағы рөлін дәріптеу.

Кәсіби сайысқа Атырау облысының қалалық және аудандық кітапханаларынан 10 маман қатысты. Қатысушылар төрт кезең бойынша өзара бақ сынайды. Атап айтқанда, «Мен – заманауи кітапханашымын» кезеңінде кітапханашы өзінің кәсіби келбетін таныстырып, «Кәсіби эрудиция» бөлімінде білім деңгейін көрсетеді. «Кітапханашы ұсынады» кезеңінде оқырманға кітапты қызықты таныстыру шеберлігін байқатса, «Кітапханаға жаңа идея» кезеңінде кітапхана жұмысын жетілдіруге бағытталған авторлық жобаларын ұсынды.

Сайыс қорытындысы бойынша:

1 орын – Қалбергенова Алма Қуанышқызы Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылдық кітапханасының кітапханашысы

2 орын – Ардаққызы Жайнар Атырау қалалық орталық кітапханасы Оқырмандарды қамту бөлімінің кітапханашысы

3 орын – Таумуринова Алмагул Масатовна Мақат аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің редакторы анықталып, жеңімпаздар мен арнайы номинация иегерлері естелік сыйлықтармен марапатталды.

Аталған іс-шара кітапхана мамандарының кәсіби дамуына серпін беріп, кітап оқу мәдениетін насихаттауға, оқырман қызығушылығын арттыруға және кітапхана қызметіне жаңа идеялар мен заманауи тәсілдерді енгізуге ықпал етеді.

https://www.instagram.com/p/De_pxC2uB3I/

Scroll to Top