«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» кітап көрмесі
03.11.2026

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» кітап көрмесі

03.11.26

Ғ. Сланов атындағы облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес бағытындағы әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесіне кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысып, сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына кері әсері, оның алдын алу жолдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін көзделген құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат алды.

Көрмеге қойылған әдебиеттер оқырмандарды заң талаптарын сақтауға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталды.

https://www.instagram.com/p/DfRO3hyDuvn/?img_index=1

Scroll to Top