«Жаңа уақыт кеңістігіндегі кітапханашы маманның кәсіби әлеуетін арттыру» семинар-тренинг
28.10.26
Атырау облысының кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және кітапхана ісіндегі заманауи бағыттарды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайбергенқызы бастаған делегация Атырау облысына арнайы келді. Делегация құрамында Ақпараттық ресурстар қызметінің жетекшісі Толқын Амангелдіқызы Замзаева мен Ғылыми-әдістемелік қызметінің маманы Нұрлыхан Жұмахан бар.
Сапар аясында «Жаңа уақыт кеңістігіндегі кітапханашы маманның кәсіби әлеуетін арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренинг барысында мамандар жасанды интеллект мүмкіндіктерін кітапхана қызметінде қолдану, библиографиялық сипаттама жасау, кітапхана жұмысын жетілдіру, ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру, кәсіби құзыреттілікті арттыру және заманауи кітапханалық қызмет көрсету бағыттары бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Іс-шараға облыстық, қалалық және аудандық көпшілік кітапханалардың мамандары қатысып, кәсіби білімдерін толықтырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Семинар-тренинг кітапхана мамандарының кәсіби дамуына серпін беріп, саладағы жаңа бастамалар мен заманауи тәсілдерді тәжірибеге енгізуге ықпал ететін маңызды кәсіби алаң болды.