МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «КІТАП МЕНІҢ ӨМІРІМДЕ» АТТЫ ОЙТАЛҚЫ ӨТТІ
09.07.2026

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «КІТАП МЕНІҢ ӨМІРІМДЕ» АТТЫ ОЙТАЛҚЫ ӨТТІ

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен және Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Кітап менің өмірімде» атты ойталқы өткізілді.

Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Ойталқыға мемлекеттік органдардан 30-дан астам мемлекеттік қызметші қатысып, өздері оқыған кітаптарды таныстырды. Қатысушылар шығармалардың мазмұны, тәрбиелік мәні, өмірлік ұстанымдарды қалыптастырудағы және кәсіби қызметтегі маңызы туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар, еркін пікір алмасу алаңы ұйымдастырылып, кітаптың тұлғалық даму мен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырудағы рөлі талқыланды. Кездесу барысында қатысушылар кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған бастамалар жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.

Іс-шара соңында белсенді қатысушылар алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен  марапатталды.

https://www.instagram.com/p/DZrhmGVuYwf/

Scroll to Top