«Мұнай – әлемдік саясат тетігі» кездесу кеші
10.09.26
Ғ.Сланов атындағы облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасы мұнай саласында еңбек етіп жүрген мамандарға, мұнай саласының ардагерлеріне құрмет көрсету, олардың еңбегін дәріптеу, жас ұрпаққа еңбекқорлық пен отансүйгіштік құндылықтарын насихаттау мақсатында Мұнай-газ кешені қызметкері күніне орай «Мұнай – әлемдік саясат тетігі» атты кездесу кешін ұйымдастырды.
Іс-шараға мұнай саласының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері Мәлік Мұқышұлы, С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің «Мұнай және газ» бөлімінің арнайы пән оқытушысы Жұлдыз Аманқызы және студенттер мен кітапхана оқырмандары қатынасты. Ардагер мұнайшы өз еңбек жолымен бөлісіп, ғибратты әңгімелерін ортаға салды. Оқырмандарға мұнай саласы тақырыбына арналған кітап көрмесі таныстырылып, викториналық сұрақтар қойылды. Кеш соңында арнайы келген қонақтарымызға кітапхана атынан Алғыс хат табысталып, естелік сыйлық ұсынылды.
Шарамызды әсем әнімен көркемдеп, қолдау көрсеткен Д.Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар ұжымына үлкен алғысымызды білдіреміз!