«Адал азамат – адал қоғам негізі» кездесу
20.10.26
Ғ. Сланов атындағы облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасы Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Адал азамат» қағидаты аясында «Адал азамат-адал қоғам негізі» тақырыбында заңгер, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті жазушысы, қоғам қайраткері Жалғасқали Мусағалиұлымен кездесу өтті.
Аталған іс-шараға Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі, Атырау бизнес және құқық колледжінің ұстаздары мен студенттері қатынасты. Іс-шара барысында «Адал азамат» қағидаты туралы ақпарат берілді. Сөз алған шара қонағы Ж. Мусағалиұлы шараның мазмұны мен маңыздылығына тоқтала келіп, оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.