«Әлем таныған Республикам менің» тарихи сағат
22.10.26
Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай «Әлем таныған Республикам менің» атты тарихи сағат өтті.
Іс-шараға Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Шара барысында қатысушылар назарына кітапхана қорынан жасақталған «Әлем таныған байтақ елім» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Тарихи сағат аясында Республика күніне қатысты тарихи деректер мен маңызды оқиғалар баяндалды. Сонымен қатар қатысушылардың тарихи танымын кеңейту, білімдерін шыңдау мақсатында интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен танымдарын ортаға салды.
Іс-шара соңында кітапхана ұжымы Атырау облысы Әділет департаментіне арнайы алғыс хат табысталды.