«Зерделі ұлт: мәдениет пен таным» интеллектуалдық алаң
28.10.2026

«Зерделі ұлт: мәдениет пен таным» интеллектуалдық алаң

28.10.2026

«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында Атырау қаласында «Зерделі ұлт: мәдениет пен таным» атты интеллектуалдық алаң ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін дамыту, оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттыру және қазіргі заман жағдайында кітап оқуды күнделікті мәдени әдетке айналдырудың тиімді жолдарын талқылау.

Интеллектуалдық алаңға өңірдің зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, педагогтер, кітапханашылар, кітап клубтарының мүшелері, креативті индустрия өкілдері, студенттер мен жастар қатысты.

Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы кітап оқу мәдениетінің жай-күйі, жастардың кітапқа қызығушылығын арттыру жолдары, қысқа цифрлық контенттің оқуға әсері, кітаптың адамның сыни ойлауына, тілдік қорына және дүниетанымына ықпалы талқыланды.

Сонымен қатар қатысушылар «Мені кітапқа әкелген кітап», «Кітап және қазіргі адам», «Кітап маған не береді?», «Кітап оқуды қалай әдетке айналдырамыз?» тақырыптарында пікір алмасып, кітапты оқырманға қызықты етіп ұсынудың заманауи тәсілдерімен бөлісті. Интерактивті алаңдар мен тақырыптық кітап көрмелері арқылы қатысушылардың кітап оқу тәжірибесі мен жеке көзқарастары да назарға алынды.

https://www.instagram.com/p/DfCOgQoRL_D/

Scroll to Top