«Қара сөздің дауылпазы» облыстық көркем сөз оқу шеберлерінің сайысы
23.10.2026

«Қара сөздің дауылпазы» облыстық көркем сөз оқу шеберлерінің сайысы

23.10.26

Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасында жазушы-драматург, Махамбет сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаевтың шығармаларынан көркем сөз оқу шеберлерінің облыстық «Қара сөздің дауылпазы» атты сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты – Рахымжан Отарбаевтың әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, сөз өнерінің құдіретін дәріптеу және көркем сөз оқу шеберлерінің шығармашылық қабілетін дамыту.

Әдеби додаға 15–35 жас аралығындағы оқырмандар қатысып, жазушы шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп оқып, сахналық шеберліктерін ортаға салды. Сайысқа Атырау қаласы мен облыс аудандарынан келген қатысушылар Рахымжан Отарбаевтың «Шыңғыс ханның көз жасы», «Соғыстың соңғы бомбасы», «Мона Лиза», «Алтын балық», «Аяқталмаған хикая», «Біздің ауылдың амазонкалары», «Айна ғұмыр», «Жасырынбақ», «Актриса» сынды шығармаларынан үзінділер ұсынды.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен қатысушылар:

Бас жүлде — Сабит Рысгүл Арманқызы, Исатай ауданы,

I орын — Берікқали Бақберген Талғатұлы, Индер ауданы,

II орын — Ғұмарова Мархат Тұрланқызы, Құрманғазы ауданы,

III орын — Думанқызы Ая, Мақат ауданы, қалған қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.

https://www.instagram.com/p/De1ZB1COo0A/

Scroll to Top