Сәдібек Түгелдің «Мыңбасы», «Сұңқардың самғауы», «Джеки» кітаптарының таныстырылымы
22.10.26
Ғ. Сланов атындағы облыстық орталық ғылыми әмбебап кітапханасында жазушы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері Сәдібек Түгелдің «Мыңбасы», «Сұңқардың самғауы», «Джеки» кітаптарының таныстырылымы өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, студенттер, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатынасты. Іс-шара барысында жазушының тағылымға толы ғұмыры мен қаламынан туған дүниелер туралы шара қонақтары өз ойларын ортаға салды. «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің студенттері халық әндерін орындап іс-шараға қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.